Ресей туының орнына Украинанікі көрсетілген: елордада қылмыстық іс қозғалды

Кеше әлеуметтік желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылған видео тараған еді. Осы жағдай бойынша іс қозғалған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі БАҚ-тың сұрауы бойынша хабарлама жасады.


Кеше "Керуен Медиа" ЖШС-не қатысты оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, - деп хабарлады ІІМ.

ІІМ заң және тәртіп қағидатын мүлтіксіз орындау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Айта кетейік, кеше осы оқиғаның алдында Астанаға Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен ұшып келген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: әлеуметтік желіден
Алдыңғы жаңалық
Доллар тағы қымбаттады
Өзгелердің жаңалығы