Ресей тарапынан дамбы ашылғаны рас па? Министр жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мәжіліс отырысының кулуарында айтты.
Ресей тарапынан дамбыны ашты деген ақпарат расталмады. Бұл ақпарат Қостанай облысының шекарасы тарапында тексерілді. Ақпарат расталмады. Алқаптардағы еріген су Батыс Қазақстанға Ресей тарапынан келді. Мен өз баяндамамда бұл туралы айттым, бір апта ішінде барлық аймақта боран болды. Сол аптаның ішінде күн жылып, алқаптардағы қардың жылдам еруіне алып келді. Алқаптарда ешқандай өзен жоқ. Барлық еріген қар жергілікті жерлерге ағып келді, - деді Ильин.
Министр атағандай, су тасқыны алдында дайын еместігі туралы әкімдерге 180-нен астам нұсқамалық берілген.
Батыс Қазақстан бойынша 40 нұсқамалық берілді. Премьер-министр Үкіметте су тасқынының салдарына шарасыздық көрсетуді сараптау бойынша тапсырма берілді. Одан әрі ол тәртіптік деңгеде қарастырылады. Дамбы ешқайда жарылмады, өзен арнасынан аспады. Бұл алдын алу жұмыстары арқылы болатын еді. Қар уақытылы тазаланбады. Міне, оның салдарын көріп отырмыз, - деді Ильин.