Ресей шетелден келетін жұмыс күштеріне барынша жағдай жасайды – Путин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресей жақын шетелден келген еңбек мигранттарымен жағдайды жақсартуға тырысатынын айтты.
Ресей өз тарапынан бізге жұмысқа келетін шет мемлекеттердің, оның ішінде бірінші кезекте Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін жағдайды барынша жақсартуға тырысады, - деді Путин бейнеконференция режимінде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Ол жақын арада «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай интернет-жүйесі және жұмысқа орналасу үшін қажетті барлық құжатты онлайн ресімдеуге мүмкіндік беретін тиісті қосымша іске қосылатынын атап өтті.
Коронавируспен күрестегі өзара көмекке келетін болсақ, Путин Ресей қазір әлемдегі коронавирусқа қарсы вакциналар жасау технологиясын беретін жалғыз ел екенін атап өтті.
«Спутник V» вакцинасы Қазақстанда шығарылып жатыр. Алдағы уақытта Армения мен Қырғызстанда өндіру мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар Еуропада бұл вакцинаны Сербия шығара бастайтын болады.
Еске салсақ, отырыс барысында Армения Премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Тоқаевтың тегін ұмытып қалып, қате айтып қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жақын арада азық-түлік тапшылығын сезінеміз – Назарбаев
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы