Ресей Қазақстанға қатысты қозғалыс шектеулерін алып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанмен көлік қатынасына бұған дейін енгізілген уақытша шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қаулыға қол қойды.

Қазақстаннан бөлек, «Ресей Федерациясы көлік қатынасына уақытша шектеулер алып тастаған шет елдердің тізіміне» Абхазия, Беларусь, Қытай, Моңғолия, Украина, Оңтүстік Осетия, өзін-өзі егеменді ел ретінде жариялаған ЛХР және ДХР кіреді.

Шет мемлекетпен көлік қатынасындағы уақытша шектеулерді алып тастау күні оның тізімге енгізілген күні болып белгіленсін, – делінген құжатта.

Еске салсақ, Қазақстан 11 сәуірден бастап Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен шекарадағы шектеуді алып тастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы