Ресей Қазақстан мен Моңғолия үшін шекарасын ашады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Қазақстан мен Моңғолия шекарасы арқылы өтуге қойылған шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы Риа Новости COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап хабарлады.

2022 жылғы 30 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 00:00-ден бастап Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық бөлігі арқылы Қазақстанға шығуына қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар Моңғолия азаматтары Ресейге және Ресей азаматтары Моңғолияға Ресей-Моңғолия шекарасының құрлық бөлігі арқылы өте алады, - делінген хабарламада.

Ресейдің құрлық шекаралары 2020 жылғы наурыз айынан бастап коронавирустық пандемияға байланысты жабылған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы