+18

Ресей Қарабахты Әзербайжанның ресми аумағы деп мойындады

Ресей Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабахтың Әзербайжан Республикасының аумағы екенін ресми түрде мойындады. Бұл туралы кеше, яғни 10 маусымда Мәскеуде ТАСС агенттігіне берген ресми сұхбатында Ресей Сыртқы істер министрлігі өкілі Мария Захарова жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы 30 жыл бойы армян күштерінің бақылауында болған Қарабах өңірі енді халықаралық құқық аясында Әзербайжанның толыққанды аумағы ретінде танылып отыр. 

Ресей Қарабахты Әзербайжанның аумағы деп ресми түрде таниды. Бұл – біздің ұстанымымыз. Әзербайжанның халықаралық танылған шекаралары шеңберіндегі аумақтық тұтастығы құрметтелуі тиіс, – деп атап өтті Захарова.

Бұл мәлімдеме Армения мен Әзербайжан арасындағы ұзаққа созылған жанжалдан кейінгі бейбіт процестердің жалғасып жатқанын көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, Ресей тарапынан мұндай ресми мойындау – Баку үшін маңызды дипломатиялық жетістік және өңірдегі геосаяси баланстың өзгеруіне әсер етуі мүмкін.

Әзербайжанның 1News басылымы атап өткендей, бұл мәлімдемені Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Владимир Мединскийдің ТАСС-қа Қарабах туралы айтқан сөздеріне түсініктеме ретінде берді. Ресей СІМ ресми өкілі Мединскийдің "Тарихи аспект, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктер және адамдардың азабы" туралы айтқанын түсіндірді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Владимир Мединский Ресей Today телеарнасына берген сұхбатында армян-әзербайжан қақтығысының өткеніне қатысты фактілерді бұрмалап, Қарабах аймағын "даулы аумақ" ретінде ұсынған болатын.

Еске сала кетейік, Таулы Қарабах – 1990-жылдардың басынан бері армян күштерінің бақылауында болған даулы аймақ. 2020 жылы Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстан кейін Баку аймаққа бақылауын қайта орнатқан болатын. Ал 2023 жылдың соңында аймақтағы армян тұрғындарының басым бөлігі көшіп кеткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы