25 Қыркүйек 2026, 08:18 Фото: Ақорда

Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

Владимир Путин жеделхатында қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына қолдау білдіріп, олардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізіндегі Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

Владимир Путин жеделхатында қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына қолдау білдіріп, олардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуы барысында болған қайғылы оқиғаға байланысты шынайы көңіл айтуымды қабыл алыңыз. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына шынайы көңіл айтып, қолдау сөздерімді жеткізуіңізді сұраймын. Ресейде олардың қайғысы мен қасіретін бөліседі», – делінген Владимир Путиннің жеделхатында.

Айта кетейік, Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 12 әскери қызметші қаза тапты.