Ресей президенті Ақордаға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президентінің Қазақстанға келуі жайлы пікір білдірген еді.
Ресей басшысы Қостанайдағы форумға қатысады. Бұл форумға қазірдің өзінде 20 жыл болды. Биыл онда ең алдымен біздің елдеріміздің тұрғындары мен бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін талқылаймыз. Бұл форум да ауыл шаруашылығындағы ауқымды мәселелерге арналады, – деді вице-премьер.
Сыртқы істер министрлігі Қостанайдағы өтетін форум жылда өтетін дәстүрлі форум екенін айтады.
Бір жыл Қазақстанда, бір жыл Ресейде ауысып болып отырады. Екі ел президенттері мен шекарада орналасқан облыс басшылары бас қосады. Форумның арқасында шекара маңындағы аймақтар келісімге келіп, қол қояды. Шекаралас болғаннан кейін сауда-саттық, адамдар арасындағы қарым-қатынас болуы керек, - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сондай-ақ Ақорданың мәлімдеуінше, Ресей басшысын елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Ресей басшысы Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.