Ресей өз электр энергиясын Қырғызстанға да, Қазақстанға да импорттап жатыр

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің Төртінші кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз Кеңес одағы кезінен энергетика сақинасында жұмыс істеп келеміз. Ол жұмыс бүгінде жалғасын тауып жатыр және бүгін шешімін табуы қажет мәселелер көп, – деді Қырғызстанның Энергетика министрі Таалайбек Ибраев кеңес кулуарында.

Ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің Төртінші кеңесіне Ресей тарапы қатысатынын атап өтті.

Кеңеске ресейлік әріптестеріміз де қатысып отыр. Бүгінде Ресей Федерациясы электр энергиясын Қырғызстанға да, Қазақстанға да импорттап жатыр. Сондықтан бұл біз үшін Ресеймен байланыс орнатуға жақсы себеп, – деді ол.

Таалайбек Ибраев Энергетика министрлері кеңесте перспективалық жоспарларды талқылайтынын айтты.

Өздеріңіз де білесіздер, Орталық Азия болашақта Қытай Халық Республикасының, Пәкістан, Үндістан және басқа да елдердің нарығына шығуға үлкен қызығушылық танытып отыр, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы