Ресейлік олигарх Қазақстан әуежайларының бірін сатып алмақ

Алматы, BAQ.KZ. Ресейлік инженер әрі кәсіпкер Виктор Вексельберг Қазақстан мен Өзбекстанда әуежай сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Экономическое обозрение стран Восточной и Центральной Европы" басылмы жазды.

Аталған басылымның мәліметінше, олигарх Виктору Вексельбергке тиесілі "Аймақ әуежайлары" холдингі Қазақстан мен Өзбекстанда әуежайлар сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Ресейліктер әсіресе қазір түрік инвесторлары иеленіп отырған мұнайлы өлке Ақтау қаласындағы халықаралық әуежайды сатып алғысы келіп отыр.  Ал Өзбекстан бойынша мүмкіндіктер қазір қарастырылып жатыр,-деп жазды басылым.

"Новапорт" атты тағы бір ресейлік холдинг Өзбекстандағы Самарқанд, Наманган және Үргенші қалаларындағы әуежайды басқаруына алғысы келетінін білдірген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы