Ресей маусым айынан бастап коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізеді

Алматы, BAQ.KZ. Ресей маусым айынан бастап коронавируске қарсы екпені клиникалық сынақтан өткізбек. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Мемлекеттік Думада өткен жиында айтты, деп жазды РИА Новости.

Маусым айында клиникалық сынақтан өткізу жоспарланып отыр, соның нәтижесі бойынша біз қанша кандидаттық вакцина шығарылатынын түсінеміз, - деді ол.
Мурашконың сөзінше, Министрлік шілде айының соңына қарай дәрі-дәрмек дайын болдаы деп болжап отыр.

Қазір коронавирус жұқтыру бойынша Ресей Федерациясы әлемде екінші орында тұр. Эпидемия басталғалы 242 271 адам инфекция жұқтырған. Оның ішінде 48 003 науқас жазылып шықса, 2 212-сі мерт болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы