Ресей үкіметі отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дмитрий Медведев ел үкіметінің отставкаға кеткенін жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Осындай мәлімдемені Ресей үкіметінің төрағасы Медведев ел президентінің Федералды жиналыстағы жолдауынан кейін жасады. Владимир Путин үкімет мүшелеріне бірлесе атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді, "алайда барлығы ойдағыдай іске аспаған".Сондай-ақ ол таяуда камбиннің әр мүшесімен кездесетінін айтты. Әзірге олардан өз міндеттерін толыққанды атқаруды сұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2019 жылы Қазақстаннан 41 мыңнан аса адам кеткен
Өзгелердің жаңалығы