Ресей халқы Сібірде төтенше жағдай жариялауды талап етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.kz. 700 мың Ресей азаматы Сібірде төтенше жағдай жариялау туралы петицияға қол қойды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Мұндағы алапат орман өрті 11 аймаққа тараған. Тек екеуінде ғана ресми түрде төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жаудың салдарынан атмосферада көк түтін жайлады. Осыған байланысты халық үкіметтен төтенше жағдайды енгізуді талап етіп отыр.Шілденің 30-ы күні жарияланған петицияны бір күннің ішінде мыңдаған адам қолдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қажылық өтеуге қазақстандықтардың алғашқы легі аттанды
Өзгелердің жаңалығы