Ресей қазақстандық вакцинаны қашан мойындайды? Цой жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Ол көрші Ресеймен Қазақстанның өзара вакцинация құжаттарын тану бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Екі ел арасында өзара келісімдер жүргізілуде. Тіпті, Премьер-министр деңгейінде де талқыланып, қазір дайындалып жатыр десек болады. Елімізде бұл келісімге деген әзірлік – 100 пайыз. Қазіргі уақытта ресейлік тарап заңнамалық реттеу мәселелерімен айналысуда. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанмен 24 мемлекет өзара келісімге келгенін көріп отырсыздар. Мұндай ықпалды елдерге Еуропалық Одақ пен Чехия кіреді, Венгрия алғашқылардың бірі болып келісім жасады. Олар құжатты байыппен қабылдайтын елдер. Уақыт өте келе әлем елдері арасындағы қашықтықты қысқарту және төлқұжаттарды мойындау қажеттілігі туындайтындай форматта ашылады деп ойлаймыз, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, Ресеймен келісім жүргізілуде. Алайда біздің тарап нормативтік құжаттары дайын болғанмен соңғы келісім көрші елдің қолында деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы