Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде дауыс беру құқығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы кеше Украинадағы жағдайға байланысты өткен арнайы сессияда Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелігін тоқтату туралы резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Резолюцияны қолдап 93 мемлекет дауыс берсе, 24 делегация қарсы шыққан, 58-і қалыс қалды. Құжатты қабылдау үшін дауыс беруге қатысушылардың үштен екісі қолдауы қажет әрі қалыс қалғандар есепке алынбайды. Осылайша, барлығы 117 делегация жақтап немесе қарсы дауыс берді. Шешімді қолдаған 93 дауыс барлық мандаттың үштен екісінен асатын болғандықтан, резолюция қабылданды.
Айта кетейік, Ресейдің мүшелігін тоқтату туралы шешім тек қазіргі ротацияға, яғни 2023 жылы Ресей Федерациясының кеңестегі мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады. Одан әрі Ресей Федерациясы мүшелікке қайтадан өтініш бере алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы