Қазақстанға Ресей азаматының құжатымен кірмек болған қырғызстандық ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы халықаралық әуежайында Қазақстанға Белоруссиядан Ресей азаматының төлқұжатымен кірмек болған Қырғыз Республикасының азаматы ұсталып, депортацияланды.

«Алматы шекаралық бақылау отрядының шекара наряды «Минск -Алматы» бағытымен ұшып келген № В2-767 ОПК әуе рейсін ресімдеу барысында тексеруге 1990 жылғы Ресей азаматының төлқұжатын ұсынған азамат ұсталды. Кейіннен анықталғандай, ұсталған азамат 1993 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматы екен. «Алматы-Бішкек» бағытындағы КС-109 әуе рейсімен депортацияланды» - делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дәл осыған ұқсас оқиға Қорғаста да орын алды.

«Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына кіру үшін, тексеруге 1990 жылғы Қазақстан азаматының төлқұжатын ұсынған азаматтың шындығында 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы екендігі анықталып, Панфилов аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды» - дейді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Петропавлда есірткі құрамдас өсімдік алқабы жойылды. 

«Петропавл шекара отрядының «Қасқат» заставасының шекарашылары өздерінің жауапкершілік аумағында орналасқан Аққулы (Лебяжье) және Конюхово елді мекендерінің арасынан жалпы көлемі 2-гектарға жуық жабайы қарасора алқабын тауып, ауылдық округ әкімшілігі, аудандық ТЖ бөлімінің өкілдері және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен, салмағы шамамен 500 кг тартатын 2000 түпке жуық есірткі құрамдас қурайды өртеп, көзін жойды» - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы