Бүгiн 2026, 00:30 Фото: depositphotos.com

Ресей АҚШ-қа Иранның ядролық бағдарламасын реттеу бойынша ұсыныстарын жеткізді

Мәскеу ядролық мәселені шешуде барлық тараптардың қатысуымен кең ауқымды дипломатиялық диалогты жалғастыруды маңызды деп санайды.

Мәскеу АҚШ-қа Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бірқатар ұсыныстарын жолдады. Бұл туралы Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл бастама Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы телефон арқылы сөйлесу барысында айтылған.

Ушаков Ресейдің басты ұстанымы дағдарысты әскери емес, тек бейбіт және дипломатиялық жолмен шешу екенін атап өтті.

«Ресей Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіспеушіліктерді реттеуге бағытталған халықаралық дипломатиялық күш-жігерді қолдауға дайын және осы бағытта бірқатар ойлар ұсынды», – деді ол.

Сонымен қатар, Ресей тарапы Иран өкілдерімен, Парсы шығанағы елдерімен, Израильмен және АҚШ-тың келіссөз топтарымен тұрақты байланыс орнатылғанын хабарлады.

Мәскеу ядролық мәселені шешуде барлық тараптардың қатысуымен кең ауқымды дипломатиялық диалогты жалғастыруды маңызды деп санайды.