Бүгiн 2026, 09:00 Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

RES 2026: Астана өңірлік экологиялық саммитті өткізуге дайын

Қазіргі уақытта Астанадағы Конгресс орталықта саммиттің отырысына қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін Астанада өңірлік маңызы бар ірі халықаралық іс-шара – Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саммит Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында 2023 жылдың қыркүйегінде ұсынылған болатын.

Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

Ал Астана халықаралық форумы 2025 барысында саммиттің күн тәртібі тек климаттық мәселелермен шектелмей, кеңейтіліп, экологиялық бағытты толық қамтитын деңгейге жеткізілгені жарияланды.

Қазіргі уақытта Астанадағы Конгресс орталықта саммиттің отырысына қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

Жергілікті және шетелдік журналистер баспасөз орталығына жиналып, алдағы іс-шарадан тікелей ақпарат таратуға әзірленуде.

Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

RES 2026 аясында өңірлік және жаһандық экологиялық проблемалар, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, су ресурстары, биоалуантүрлілікті сақтау және «жасыл» экономикаға көшу мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

Саммитке бірнеше елдің басшылары, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, мемлекет және бизнес өкілдері қатысады.

Іс-шара өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ортақ шешімдерді әзірлеуге бағытталған маңызды алаң болмақ.

Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова