15 Қазан 2026, 09:31 Фото: oblakouz.uz

Рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасына күдікпен ұсталды

Әншінің көлігінен тыйым салынған зат табылып, тәркіленген. Өнер иесі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

13 қазанда «Қордай» шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, сахналық лақап аты NAVAI ретінде белгілі шетелдік азамат Наваи Бакировты ұстады.

Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкенттегі қонақ үй кешендерінің бірінде 36 жастағы белгілі асаба С. есірткімен ұсталды. Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған. Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және “мак” екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)