"Рельс ауыстырып жатқан": Қарағанды облысында 4 жұмысшыны пойыз қағып кетті
2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызының жүрісі кезінде машинист шұғыл тежеу қолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Теміржол төсемі аймағында Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан.
Барлық қажетті шараларға қарамастан, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.
Орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы басшыларының құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері бастаған арнайы комиссия құрылды. Комиссия тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетіледі
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Өзгелердің жаңалығы