"Рельефке жету қиын". Катонқарағайдағы өртті сөндіруге 2 тікұшақ жұмылдырылды

"Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында ("Усть-Язовое" орманшылығы) жетуі қиын таулы жерлерде құрғақ шөп, бұта жанып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт ауданы анықталуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшыларының, жергілікті атқарушы органдардың және Қазавиаорманқорғаудың жеке құрамынана 123 адам, 3 бірлік техника және ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмылдырылған. Рельефке жету қиын. Тікұшақтармен 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерде жекелеген түтін нүктелері бар, ол жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуына жол берілген жоқ. Осы жерде ШҚО әкімінің орынбасары Е. Нұрбаев бар, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев Риддер қаласынан 80 шақырым жерде өрт шыққан жерде жүр. Ондағы өрт қазір оқшауланған.

Бұған дейін өрт сөндіруге қатысушылардың үйлескен іс-әрекеттерінің арқасында Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы өрт 6 сағат 45 минутта тежелгені хабарланды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы