Ректор жемқорлыққа қарсы стандарттың жұмысы туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл «Antikor LIVE» жобасы аясындағы брифингте Мемлекеттік басқару академиясына енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы  айтты. 

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты ұйымның сырты мен ішіндегі жемқорлық мәселелерін анықтайды. Ол ұйым қызметкерлері мен оның серіктестерін де қамтиды. Осылайша, бұл стандарт іске асуы мүмкін барлық жемқорлық дерегін алдын алуға мүмкіндік береді. Академияның бұл стандартты таңдап алуының себебі, 2019 жылы ұлттық баяндамада ұйымдарда аталған стандарттарды енгізу туралы айтылуы болды. Бұл ұсынымды басшылыққа алып, зерттей бастадық, - деді ол. 

Ерлан Әбіл атап өткендей, осыған дейінгі ашықтық пен транспаренттік туралы барлық тәжірибе стандарт миссиясына сәйкес келген. 

2019 жылдың желтоқсанында аталған стандартты енгіземіз деп шештік. Алдымен бізге оған қызметкерлерді даярлауымыз қажет болды. Қызметкерлер бизнес процестермен құжаттарға қатысты ауқымды жұмысты атқаруы керек болды. Жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмысын жүргізу қажет болды, - деді ол. 

Ол атағандай, бұл қандай да бір даулы, күрделі мәселе болмаған. 

Себебі, көп жылдан бері академияның алдында адалдық, ашықтық, кәсібилік талаптары тұрды. Сондықтан бұл іс қиындық тудырған жоқ. Барлық қызметкер оған дайын болды. Бұл өзге мемлекеттік органдарға стандартты енгізудің үлгісі деп айтуға болады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы