Ректор карантиннен кейінгі жағдай қалай болатынына болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев 29 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алаңында өткен қазақстандық ғалымдардың Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен онлайн кездесуіне қатысты.

Кездесу аясында эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері көтерілді, ғалымдар болжамдарымен бөлісіп, адамның қоғамдық денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді шешудің стратегиялары мен ғылыми тәсілдерін талқылады.

Оның ішінде: Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының, Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби Денсаулық институтының, Қарағанды медицина университеті, сондай-ақ С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сарапшылары өз пікірлерін ортаға салды.

СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев кездесуге Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сарапшы ретінде шақырылды. Айта кетейік, ол Гарвардтық  Т. Х. Чан атындағы  қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің докторлық дрежесіне ие болған жалғыз түлегі болып табылады. Осыған байланысты кездесу қатысушыларына денсаулық сақтау тақырыбын пандемияның және қоғамдық ден қоюдың әлеуметтік аспектісімен байланыстырған халықаралық сарапшының пікірі мен болжамдарын тыңдау маңызды болды. Өз сөзінде Қуаныш Ерғалиев карантиннен кейінгі кезеңнің негізгі аспектілеріне тоқталды. Спикер Гарвард университетінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғалымдар мен сарапшылардың кеңестеріне негізделген бірқатар құнды ұсыныстарды келтіріп, маңызды аспектілерді атап өтті:

Эпидемиологиялық аспект. Әр түрлі гаджеттер, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы зарарланған адамдарды қадағалап, мониторинг жүйесін пайдалануға болады.  Сарапшы атап өткендей, карантин режимін бір мезгілде жеңілдету бойынша шешім қабылдауға басты назар аудару керек,өйткені ел өңірлерінде эпиджағдай әртүрлі.

Денсаулық сақтау жүйесінің науқасты тестілеу, емдеу және медициналық қызметкерлердің бар-жоғын қамтитын медициналық аспект.

Әлеуметтік кернеумен, жұмыссыздықпен байланысты экономикалық аспект. ШОБ басшыларына ұсыныстар ретінде сарапшы Гарвард профессоры Джозеф Элланның 5 стратегиясын келтірді: мүмкіндігінше қашықтық  режимде жұмыс істеу қажет, жұмысқа кәсіпорындардың тіршілік әрекеті үшін қажетті негізгі еңбеккерлерді  ғана тарту қажет; инженерлік бақылау, ауаны оңтайландыру, желдету, тазарту және сүзу бөлігіне назар аудару; әкімшілік бақылау, жылжымалы кестелерді, ауысымды жұмыстарды енгізу және қызметкерлерді бөліп отырғызу мүмкіндігі бар кәсіпорындарда қызметкерлердің жиналуын азайту, бесінші стратегия – жеке қорғану және гигиена құралдарын (бетперде, қолғаптар, температураны өлшеу және антисептик) пайдалану.

СДУ ректоры төртінші аспекті қоғаммен байланыстырды.

Пандемия мен дағдарыс жаңа шындық пен әлеуметтік нормаларды қалыптастыруға алып келді. Халықтың медициналық сауаттылығын арттыру, медициналық қызметкерлерді оқыту және алдын алудың қарапайым шараларын сақтау. Осы аспектілерді іске асыруға Денсаулық сақтау министрлігі, атап айтқанда, әлеуметтік маркетинг құралдары, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы адамдардың өзара қарым-қатынасының жаңа әлеуметтік және қауіпсіз нормаларын жасауға белсенді қатысуы тиіс деп санаймын. Біз барлығымыз өзара байланысып, басқа елдегі адамдар қабылдайтын шешімдер біздің жұмысымыздың нәтижелеріне айтарлықтай әсер ететінін түсініміз қажет, - деен пікір білдірді Қуаныш Ерғалиев.

Қорыта келе,  спикер жұртшылықты жұмылдыра отырып, пәнаралық тәсілді қолдану, тиімді коммуникацияны құрудың маңыздылығы, халықтың сенімінің төмен болуы жағдайында орын алып жатқан жағдайлар туралы халықты ашық және барынша сенімді ақпараттандыра отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу, деректерді талдау және оларды басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану және жаһанданудың эпидемияға әсерін сезіну туралы атап өтті.

Айта кеткен жөн, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз алаңында қазақстандық ғалымдарды тұңғыш рет жинап, алдағы уақытта өзекті мәселелерді талқылау бойынша ғылыми онлайн кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сарапшылар мен ғылыми қызметкерлердің пікірі шешім қабылдауда өте маңызды екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы