REGENERON ISEF 2024. Еліміздің оқушылары дүниежүзілік конкурсқа аттанды

Үш қазақстандық жас инженер Лос-Анджелесте әлемнің 70-тен астам елінен келетін 2 000 оқушы арасында жүлде қоры 9 млн $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауында бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан құрама командасының мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде іріктелді, олар: Әлихан Жарболов – Алматы қаласындағы РФММ 11-сынып оқушысы, өзінің математикалық жобасымен; Әбілмансұр Рахметтуллаев – «Haileybury Astana» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы, информатика пәнінен; Саяжан Жақсығалиева – Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы, химия пәнінен ғылыми жобамен қатысады.

Конкурстың салтанатты ашылу рәсімі 13 мамырда Тынық мұхиты уақыт белдеуі бойынша сағат 19.00-де өтеді.

Анықтама үшін: Regeneron ISEF - 13 пен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының ғылыми және инженерлік жетістіктерінің дүниежүзілік көрме-конкурсы.  Ол жас ғалымдарды анықтау мен қолдауға, қолданбалы және іргелі ғылымдар саласындағы зерттеулерді дамытуға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы