Регбиден Қазақстан құрамасы Польшада оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Регбиден Қазақстан әйелдер құрама командасы Польшаның Гданьск қаласында оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бас бапкер Анна Яковлеваның жетекшілігімен өткен жаттығу жиынының мақсаты - Олимпиада іріктеу турниріне дайындық болды. Бірлескен оқу-жаттығу жиыны барысында құрама спортшылары Польша командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Айта кетерлігі, регбиден әйелдер арасында Олимпиадаға іріктеу турнирі 12-20 маусым күндері Монакода өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында Жаңа Гвинея, Ямайка және Тунис құрамаларымен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маусымнан бастап 6 мыңдай шақырым жол ақылы болады
Өзгелердің жаңалығы