Тоқаевтың реформаларын қолдаймыз – Помпео

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен баспасөз конференциясы барысында  АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанмен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы айтты. 

АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, АҚШ Қазақстанның қызметтік досы болды және досы болып қала береді. Ол бүгінгі келіссөздер екіжақты қатынастардың болашағы жарқын екенін растайтынын, сонымен қатар, Майк Помпео ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ел экономикасын қуаттандыруға бағытталған реформа жүргізіп жатқанын атап өтті.

Біздің бүгінгі келіссөздеріміз елдеріміз арасындағы қарым-қатынастық жақсы болатынын тағы да растайды. Мен президент және тұңғыш президентпен бүгінгі кездесуімізді асыға күтіп отырмын. Президент Тоқаев демократияның экономикалық дамуына, сондай-ақ Үкіметке деген сенімін ұлғайтуға бағыттылған амбициялық программалық реформаларды ұсынды. Біз бұл қадамдарды қолдаймыз, - деді Помпео Cыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында.

Ол АҚШ-тың әріптестік саясатындағы америкалық компаниялардың ұстанымына тоқталды.

Біз Қазақстанның қандай елдермен іскерлік қатынасқа түскісі келетін еркін таңдауын толық қолдаймыз. Бірақ мен америкалық компаниялармен әріптестік кез келген ел үшін ең жақсы нәтижелерді қамтамасыз ететініне сенімдімін. Бұл өте жақсы келісімдер, жаңа жұмыс орындарын ашады. Келісімшарттардың шынайылығы және тең міндеттердің болуы да жұмыс сапасын жақсартады. Америкалық жүйе дәл осындай бағытта жұмыс істейді, - деп қосты АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы