Реформалар ел игілігі үшін жұмыс істейді - павлодарлық ғалымдар

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ел Президентінің Жолдауында айтылған саяси реформалар барлығы халық игілігі үшін аса маңызды. Торайғыров университетінің ғалымдары осындай пікірде.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл Алтыбасарованың айтуынша, биылғы Жолдауда уақыт күттірген өзекті мәселелер қозғалды. 

Жолдау - ұлттық ауқымдағы маңызды стратегиялық құжат. Жаңа Жолдау жүйелі экономикалық, сәяси және құқықтық реформалар төңірегіндегі геосаяси дағдарыс кезінде Жаңа Қазақстанның құрылатынын тағы бір рет дәлелдейді. Бұл жүйелі түрлену адам өмірінің барлық саласын қамтуы тиіс. Бізді үлкен демократиялық өзгерістер күтіп тұр. Саяси реформалар халқымызды әлеуметтік қолдау, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталады деген ойдамын. Үкімет халықтың әл-ауқаты жақсару үшін жұмыс істеу керек. Нақтырақ айтқанда, Парламент суперпрезиденттік басқару формасынан президенттік формаға көшеді. Сонымен қатар, маңызды мәселелерді ашық талқылау үшін жаңа қоғамдық институт, ұлттық құрылтай құрылады.  Президент айтқандай, бірлік, тәуелсіздік пен тұрақтылық - қазақстандық даму жолының базалық құндылықтары, - дейді Мейрамгүл Алтыбасарова.

Торайғыров университеті әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Ильдар Қалиевтің ойынша, Президент қозғаған реформалар мемлекет билігі мен азаматтар арасында тиімді диалог құруға сеп болады. 

Халық пен мемлекет аралығындағы диалог азаматтық қоғам институттарын нығайту арқылы орнайды. Маңызды өзгерістер партиялық жүйеде орын алмақ. Жолдауды талдап қарасақ, ауқымды реформалар Констуцияның 30-дан астам бабы, жеті конституциялық заң мен 15-тен астам заңға қатысты болмақ. Бұл - маңызды жұмыс. Жүйелі реформалар еліміздің барлық дерлік саяси институттарын қамтымақ. Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан мықты парламенті бар президенттік басқаруға көшеді. Енді президенттің жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші болу құқығынан айырылатынына ерекше тоқталғым келеді. Осы тектес шаралар сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының тиімділігін көрсетеді, - дейді Ильдар Қалиев. 

Ғалымдар жаңа Жолдау Қазақстанның саяси модернизациялаудағы нақты істерге жетелейді деген ойда. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы