Реформа қажет. Тоқаев салыққа қатысты ұсынысты қолдады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қосымша құн салығын көтеруге қатысты ұсынысты қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Реформаны міндетті түрде жүргізу керек. Бұл мәселе бойынша ешқандай проблема жоқ. Бірақ ең алдымен қоғамға, халыққа жақсылап түсіндіру керек. Мысалы, әлеуметтік салық. Оның әкімшілігін қалай жасаймыз? Сіз (Жұманғаринге – ред.) өтеп береміз деп айтып отырсыз. Өз-өзімізге жұмысты қиындатудың қажеті қанша? Бұл әкімшілік сұрақтары ғой. Оның бәрін талқылап, реформаны қалай істейтінімізді дұрыстап ойлану керек, - деді Президент отырыста.

Тоқаев Салық кодексінің жобасы Мәжілісте талқыланып жатқанын қоса кетті. 

Жұмысты бастаңдар. Реформа қажет деп есептеймін. Бірақ қазіргі кезде алдымызда Ұлттық қордан трансферттерді азайту, оның жинақтау функциясын күшейту міндеті тұр. Жинақталған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттауымыз қажет. Осылайша біз мемлекеттің дамуға бағытталған функциясын күшейтеміз. Бірақ менің ойымша, бұл мәселені тереңірек зерделеуіміз керек, – деді Президент.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ұлттық валютаның жағдайы алаңдатып отырғанын және салық жайында өз ойын білдіргенін жазған болатынбыз.    

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы