Референдумның түпкілікті қорытындысына қандай нәтиже енгізілмеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы  Орталық референдум комиссиясы отырысында  Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. 

Қорытындыларды шығару кезінде орталық комиссия Алматы қаласы аумақтық комиссиясының өтінішін назарға алды. Аумақтық комиссия ұсынған материалдың негізінде ресупбликалық референдумның туралы конституциялық заңға сәйкес, ОРК аумақтық комиссиялардың учаскелерінде референдумның өткізуіне жарамсыз деп санай алады. Осыған байланысты Алматы қаласының 2-учаскелік комиссияның дауыс беру нәтижелері референдумның түпкілікті нәтижелеріне енгізілген  жоқ, - деді ол. 

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. 5 маусымдағы референдумға дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады.

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлді. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңда көрсетілген. Референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысады әрі бұл жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделеді.

Әкімдіктер дауыс беруге арналған учаскелерді анықтап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасауы тиіс. Референдумды әзірлеу мен өткізуді ОСК аумақтық сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Орталық референдум комиссиясының қызметін ОСК атқарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы