Референдумның өткізілуі демократиялық дамудың маңызды қадамы болды - байқаушы

Елордада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) референдумға қорытынды бағасын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АӨСШК бас хатшысының орынбасары Чжан Лин референдум бойынша миссия қалай өткенін айтты.

Біздің байқауымыз бойынша, референдумды өткізуге дайындық және оны ұйымдастыру ҚР заңнамасына сәйкес өтті. Сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай өткізілді. Қазақстан халқы референдумның өткізілетіні туралы және референдумның қағидалары жөнінде жан-жақты ақпараттандырылған. Азаматтар референдумда дауыс беруде жоғары белсенділігін көрсетті. Айта кетерлігі, әсіресе жас сайлаушылардың көптеп келгенін көрдік. Референдумда дауыс беру барысында оның ашықтығы, транспаренттілігі көрінді. Сонымен бірге кедергісіз байқауды жүргізу барынша жан-жақты жағдай жасалды. Оған халықаралық байқаушылар оң бағасын берді. Жалпы референдумды өткізу процесі, оның ішінде дайындық, үгіт-насихат және дауыс беру күнін ұйымдастыру БАҚ-та барынша жан-жақты таратылған, - деді байқаушы.

Дауыс беру барысында егде жастағы азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және шетелде дауыс бергісі келгендерге бар жағдай жасалғанын атап өтті.

Референдумның өткізілуі демократиялық дамудың маңызды қадамы болды және мемлекеттің, үкіметтің шын мәнінде азаматтардың құқығына сыйластық пен ашықтығын және “халық үніне құлақ асатын мемлекет” екенін көрсетті. Біз делегациямыздың атынан Қазақстан халқын референдумның өткізілуімен құттықтаймын. Ол елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға. Біз “Жаңа Қазақстанды” құруда жетістіктер тілейміз, - деді Чжан Лин брифингте.

Еске сала кетейік, осыған дейін Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) байқаушылар миссиясы АЭС құрылысы бойынша өткен республикалық референдумға байланысты қорытынды мәлімдеме жасады. ШЫҰ миссиясы референдумды ашық және заңды деп таныды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы