Референдумның маңызын әр қазақстандық жете түсінуі қажет – Жигули Дайрабаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданына қарасты Сабынды ауылының тұрғындарына референдумның маңызын түсіндіру жұмысы жүргізілді. 

Іс-шараның басты модераторы Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули  Дайрабаев болды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. 

Басты  ұйымдастырушы - Ақмола облысының референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабы.

Біз бәріміз өзгерісті қалаймыз. Қалауымыз жақсы мемлекетте өмір сүру. Артымыздан жас ұрпақ өсіп келеді. Тарихымызға қарап,  өткенге топырақ шашудан аулақпыз, әрине. Қазір көпшіліктің ойында  бірінші Қазақстан мен екінші Қазақстан деген не деген сұрақ бар. Мәселен, бірінші Қазақстанды біз 1991 жылы тәуелсіздік алдық, 30 жыл өмір сүрдік. Былтыр 30 жылдық мерейтойымызды тойладық. Енді жаңа елдің дәуірі келді, уақыт бір орында тұрған жоқ.  Қоғам болғаннан кейін өзгерістерде болады. Бүгінгі күні Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа Қазақстанды құрайын деп жатырмыз. Ұсынылып отырған референдумның қағидаттары өзі де соған сай келіп отыр. Сол себепті референдумның орнын әр қазақстандық жете түсінуі қажет, - деді Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули  Дайрабаев.

Сондай-ақ Дайрабаев  еліміздегі фермерлік қауымдастықтың үндеуін жария етті.

Біз елдегі 52 мыңнан астам фермерді біріктірген фермерлік қауымдастық ретінде биыл 5 маусымда өтетін конституцияға өзгертулер мен толықтырулар өзгертулер енгізу мәселесі бойынша жарияланған референдумға үлесімізді қосамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында саяси жаңғырту туралы ауқымды бағдарлама ұсынды. Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты  - халықтың көпжылғы талап-тілегінен туындаған мәселесі. Бүгінде саяси жүйемізде түбегейлі өзгерту болды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізуіміз қажет. Мемлекет басшысы еліміздің одан әрі дамуы саяси реформаларсыз мүмкін емес екенін жақсы біледі. Осы бағытты ұстана отырып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» ретінде референдум жариялады, - деді ол конституциялық реформаны түсіндіру бойынша өткен жиында.

Сабынды ауылының тұрғыны Батыржан Қабдырашев референдум туралы өз пікірін білдірді.

Жалпы халық болып, бір нәрсені ұжымдаса, ақылдаса шешкен дұрыс. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Конституцияға ауқымды өзгерістер енеді. Еліміздің әр азаматы өзінің үнін қосу қажет. 5 маусым күні тарихи күн болады. Сол себепті әрбір қазақстандықтың даусы маңызды деп білемін, - деді тарих пәнінің мұғалімі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ
Өзгелердің жаңалығы