Референдумның бүгінгі нәтижесіне «Ақ жол» партиясының да үлесі бар – Перуашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы референдумның нәтижесіне өзі басқарып отырған партияның да үлесі бар екенін айтты.
Партияның төрағасы бұл туралы фракцияның отырысында айтты.
Кеше ғана еліміз жалпыұлттық референдумға қатысты. Шамамен бір сағат бұрын Орталық сайлау комиссиясы өз нәтижесін шығарды, - деді Азат Перуашев.
Партия басшысы атап өткендей, референдумға 68% адам қатысса, 77%-ы референдумға шығарылған өзгерістерді қолдады.
Осы нәтижемен баршаңызды құттықтаймын. Бұл еліміз үшін маңызды шешім қабылданды. Екі ай бұрын Президент жариялаған «Мықты президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет» атты жаңа мемлекеттік басқару моделіне көшіп жатырмыз. Бұл модель еліміздің өміріне, мемлекеттік басқару тәсілдеріне жаңалық алып келуі керек. Реформаның басты мақсаты - мемлекеттік органдарды, жалпы мемлекетті халыққа жақындау. Әрине, біз мұндай бастаманы қолдадық. Яғни референдумның алдында әрқайсысымыз аймақтарды аралап, жергілікті жердегі халықпен кездесіп, реформаның маңызын талқыладық, - деп айтты Перуашев.
Ол референдумның бүгінгі нәтижесіне «Ақ жол» партиясының да үлесі бар деп санайды.