Референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров АЭС салу бойынша референдумға қанша қазақстандық қатысқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық референдумда дауыс беру қорытындыларын орталық референдум комиссиясы аумақтық референдум комиссияларын ұсынған дауыс беру нәтижесі негізінде белгілейді. Биыл 7 қазанда таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңіріндегі және шетелдегі 10 мың 323 референдум учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Кеше орталық референдум комиссиясы күні бойы онлайн режимде өңірлердің жедел деректері негізінде азаматтардың дауыс беруге қатысуының ағымдағы жай-күйі туралы хабардап етіп отырды, -деді Әбдіров ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.
Комиссиясының төрағасының мәлімдеуінше, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайыз немесе 5 млн 561 мың 937 адам болды. Ал, қарсы дауыс бергендер саны 2 млн 45 мың 271 адам.