Референдумға кімдер қатысады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.
Сондай-ақ ол 5 маусым күні өтетін референдумға кімдер қатысатынына тоқталып өтті.
Референдум еліміздің бүкiл аумағында 5 маусым күні өткiзiлетіні белгілі. Референдумға елдің кәмелетке толған азаматтары қатыса алады. Қазір Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізімін жасақтауда, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Оның айтуынша, азаматтардың түзетулерге келісуге я келіспеуге құқығы бар.
Ел халқы бұл түзетулерге жақтап дауыс бере алады немесе қарсы дауыс бере алады. Егер жақтап дауыс берсе, онда ұсынылған өзгерістер моделі іске қосылады. Егер халық қарсы дауыс берсе, онда түзетулер қабылданбайды және қолданыстағы модель сақталады. Таңдау ел азаматтарының қолында, - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Конституцияға өзгерістер 11 өңір халқының жақтап дауыс берсе ғана енгізілетіні туралы жазған болатынбыз.