Референдумға бөлінген қаржы қалай жұмсалады? ОСК-де жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабина Мұстафина Орталық референдум комиссиясы аясында өткен брифингте айтты.
Референдумға Үкіметтің резервтік қаражатынан 16 млрд 460 млн теңге бөлінді. Оның 21 пайызы учаскелік комиссиялардың материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге, орталық референдум комиссиясының, референдумның учаскелiк және аумақтық комиссияларының жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, баспа өнімдерін шығару, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс, сондай-ақ республика бойынша ақпараттық билбордтарды дайындау және орналастыруға жұмсалады, - деді Мұстафина.
Ол атағандай, шығынның басым бөлігі – референдумға қатысатын көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған бюллетеньдерді, трафареттерді қоса алғанда, баспа өнімдерін шығару.
Сметада 79 пайыз комиссия мүшелерінің еңбекақысына тиесілі. Бұл көрсеткіш неліктен жоғары? Бұл Президент, Мәжіліс сайлауы сияқты ірі елдік науқандарды өткізу кезіндегі деңгейдікімен бірдей. 79 пайызы учаскелік және аумақтық комиссиялардың 71 мыңға жуық мүшесін еңбекақымен қамтамасыз етуге жұмсалады. Жалақыда елдегі орташа айлық жалақының көрсеткіші пайдаланылады, себебі «Референдум туралы» конституциялық заңның нормасы «Сайлау туралы» конституциялық заңның нормасынан айырмашылығы бар, ол белгіленген жерде – айына 3 ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес, - деп түсіндірді Мұстафина.
Бюроның мәліметінше, Қазақстанда орташа айлық жалақы 275 438 теңгені құрады.
Мұстафинаның айтуынша, комиссия мүшелерінің барлығы толық жалақы алмайды.
Төлем нақты жұмыс істеген уақытына қарай төленеді.Комиссия мүшелерінің барлығы бірдей жұмыс істемейді.Комиссия мүшелерінің көпшілігі іс жүзінде негізгі кәсіби қызметінен ауытқымайды және комиссияларда кесте бойынша жұмыс істейді, - деді ол.
Мұстафина шетелден келетін бақылаушыларға бөлінетін қаражат бұл сомаға кірмейтінін айтты. Ол Сыртқы істер министрлігінде қарастырылады.
Айта кетейік, Қазақстанда референдум өткізуге 16 млрд 460 млн теңге бөлінеді.