Референдумға 177 шетелдік байқаушы қатысады

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Олар 30 шет мемлекеттің және оның ішінде 4 халықаралық ұйымның өкілдері, – деді ол.

Референдумға қатысатын халықаралық ұйымдар қатарында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттер ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар.

Ал республикалық референдумды өткізу байқауына қатысатын 30 шет мемлекеттің өкілдерін төменнен көре аласыз.

Референдумға халықаралық ұйымдар мен шетелден келетін байқаушыларды аккредиттеу дауыс беру күнінен 5 күн бұрын, яғни 30 қыркүйекте, жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталды, – деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов архив
Өзгелердің жаңалығы