Референдумды ұйымдастыру, өткізу процестері бойынша күдік болмады – Андреев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Ресей Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Павел Андреев халықаралық бақылаушылардың ақпараттық орталығында өткен шетелдік бақылаушылардың брифингінде айтты.

Ата заңға өзгеріс енгізу кез келген мемлекет үшін маңызды сәт. Біз бақылаушы болған учаскелерде қатысушылардың белсенділігі байқалды. Әсіресе қоғамдық бақылау, қоғам белсенділерінің қадағалауы ерекше көзге түсті. Мен Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысындағы референдум учаскелерінде болдым. Халықтың көңіл-күйінің жоғары екені көрінді. Көбі  отбасымен келіп жатты. Референдумды ұйымдастыру, өткізу процестері бойынша күдік болмады. Комиссия мүшелері тыңғылықты дайындалған, - деді Павел Андреев. 

Оның айтуынша, белсенді қоғамдық бақылаудың болуы референдумның ашық әрі әділ өтуінің кепілі. 

Мен болған референдум учаскелерде қоғамдық ұйым өкілдері болды. Кейбір учаскеде 10-даған қоғам белсендісі жүрді. Бұл дегеніміз елде болып жатқан жайттарға қоғамның бей-жай қарамайтындығы. Ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде болды. Кешегі айтулы шараға шетелден 270 бақылаушы келді. Түрлі елдермен қатар халықаралық ұйымдардың да өкілдері референдумның өту процесін қадағалады, - дейді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 5 маусымда жалпыхалықтық республикалық референдум өтті.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы