Референдумда ұлан сарбаздары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысады

Бүгін елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мемлекеттің болашағына байланысты осы маңызды саяси оқиғадан тыс қалмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, олар елдегі алғашқылардың бірі болып дауыс беруге кірісті.

АЭС құрылысы бойынша референдумда бірінші болып ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өз таңдауын жасады. Референдум бойынша учаскелер сағат 06:00-де ашылды. Бұл осы учаскелердегі жұмыс пен қызметтің ерекше тәртібіне байланысты.

Атап айтқанда, 5573 және 6505 әскери бөлімдерінде референдумға 2000-ға жуық әскери қызметші қатысты. Дауыс беру учаскелерінде дауыс берушілердің лайықты таңдау жасауына барлық жағдай жасалған.

Бірінші болып ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков дауыс берді.

Сондай-ақ референдум күнімен тұспа-тұс келген туған күн иелеріне және бірінші дауыс берушілерге естелік сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, таңғы сағат 07:00-ден бастап Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Қазақстан қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы