Референдумда қабылданған шешім қуаттауды қажет етпейді – Әбдіров

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылардың Қазақстанда өткен референдумға бағасы оң екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Беделді сарапшылардың пікірінше, референдум өткізу азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың кеңейгенін, қоғамның дамуы мен саяси мәдениеттің қалыптасуының жаңа кезеңдерін көрсетеді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларының бағалауы бойынша, референдум заңнама мен халықаралық міндеттерге сай өтті,- деді ол.

Әбдіров сондай-ақ Орталық референдум комиссиясы жариялаған соңғы шешімнің міндетті күші барын жеткізді.

Референдумда қабылданған шешім ресми хабар жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Референдумда қабылданған шешімнің Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күші бар және актілермен қандай да бір қуаттауды қажет етпейді,- деді Әбдіров.

Орталық референдум комиссиясы төрағасының айтуынша, референдумды өткізу демократиялық процестерді одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Еске сала кетейік, референдум нәтижесі бойынша АЭС салуды 71,12% адам қолдағаны туралы осыған дейін жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы