Референдумда әзірге ешқандай бұзақылық тіркелген жоқ – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонда айтты.

Заңнамаға сәйкес, ішкі істер органы қызметкерлеріне референдум кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүктелген. Сондықтан ішкі құрам күшейтілген түрде жұмыс істеп жатыр. Бюллетеньдерді әкелудің алдында барлық референдум учаскесі қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігіне тексерілді. Атағандай, полиция қызмектерлері ел бойынша құқықтық тәртіпті күшейтілген түрде жұмыс істеп жатыр. Қазір елімізде жалпы ахуал тұрақты. Ешқандай бұзақылық тіркелген жоқ, - деді Арыстанов.

Ол атағандай, референдум барысында басқа мәлімет болса жарияланады. 

Марафонда әр сағат сайын халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен өтетін брифингтер мен дискуссия алаңдарында экономика және саясат, телеарна және интернет, қайырымдылық пен қамқорлық, фейк ақпараттар, жаһандану, саясаттағы әйелдер рөлі, кибербуллинг сияқты тақырыптар талқыланып жатыр.

«Ашық микрофон» айдарында марафонға қатысушылар журналистер сауалына жауап беруде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы