Референдумда 12,2 млн азамат дауыс беру құқығына ие

АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда 12 244 683 адам дауыс беру құқығына ие. Кеше Орталық референдум комиссиясы отырысында осы жөнінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау жұмыстары қолға алынып жатыр. Мәселен, көру қабілеті нашар адамдарға тактильді тақталар мен құлаққаптар, кабиналар және қаріп тануға арналған трафареттер ұсынылады.

Айта кеткен жөн, елде Брайль қарпін меңгерген 2359 зағип жан бар. Бұл көрсеткіш жалпы мүгедектігі бар дауыс берушілердің 8,3%-не тең. Тағы дауыс беру учаскелерін жарақтандыру, бюллетеньдерді дайындау, онлайн-сервистер, өңірлердегі дайындық жұмыстары талқыланды. Бүгінде АҚШ, Түркия, Армения, Молдова және Әзербайжан елдерінен 13 байқаушы аккредиттелді. Ал ТМД Атқарушы комитетінен 50 байқаушы қатысады.

Референдуға байқаушы ретінде қатысу туралы бұған дейін бірнеше мәрте айттық. Біздің жұмысымыз Қазақстан Республикасының заңнамасына және достастық шеңберінде қол қойылған құжаттарға негізделеді. Қорытынды құжатты дайындау үшін үйлестірушілер кеңесі құрылады. Оның құрамына байқаушылар тобының жетекшілері кіреді, - деді ТМД Атқарушы комитетінің кеңесшісі Олег Кулеба.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы