Кеше 2026, 12:30 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Референдум үгіті кезінде қанша заңбұзушылық анықталды?

Вице-министрдің сөзінше, аталған фактілер бойынша ақпарат Бас прокуратураға жолданған.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов референдумға үгіт-насихат жүргізу барысында анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жүргізілген мониторинг нәтижесінде 26 заңбұзушылық дерегі тіркелген.

Оның ішінде 24 дерек онлайн-платформа пайдаланушылары тарапынан, ал 2 дерек интернет-платформаларда тіркелді. Барлық анықталған заңбұзушылық қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу талаптарын бұзуға байланысты болды, – деді Ысқақов.

Вице-министрдің сөзінше, аталған фактілер бойынша ақпарат Бас прокуратураға жолданған.

Сонымен қатар үгіт-насихат жүргізу барысында онлайн-платформаларда заң талаптарының 54 рет бұзылғаны анықталған.

Бұл деректер Ішкі істер министрлігіне жолданды, – деп қосты Қанат Ысқақов.

Айта кетейік, Қазақстанда 14 наурыз сағат 00:00-ден бастап референдум алдындағы «тыныштық күні» басталады. Осы уақыттан бастап дауыс беруге «жақтап» немесе «қарсы» шақыратын кез келген үгіт-насихат материалдарын жариялауға тыйым салынады.