Референдум учаскелері әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істеп жатыр

Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәстүр бойынша Азия елдерінде алғашқы учаскелер ашылды. Бірінші болып Жапония мен Оңтүстік Кореяда учаскелер өз жұмысын бастады. 

Олардан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда учаскелер ашылды. Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, БАӘ, Оман, Әзербайжан, Армения, Грузия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр. 

Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде жақын арада учаскелер өз жұмысын бастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы