Референдум туралы заң күзде қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада референдум туралы заң күзде қабылданады. Заң жобасына 18 маусымдағы бірінші оқылымда дауыс берілуі мүмкін. Алайда заң күзде қабылданады, деп хабарлады korrespondent.net.
Жоғарғы рада референдум туралы заң жобасын ендігі аптада қарайды, құжат күзде қабылданады деп күтілуде. Бұл туралы Украинаның халық қалаулысы фракциясының орынбасары Евгений Кравчук Интер телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
Біз алдағы бейсенбіде Жоғарғы раданың бірінші оқылымында заң жобасын қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жаз өткен соң толық қабылдаймыз, - деді ол.
Оның айтуынша, жергілікті сайлау өткізілгенге дейін референдумға ешқандай мәселе шығарылмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда президент Владимир Зеленский халық билігі туралы заң жобасын Парламентке енгізген болатын. Ол - украиналық референдум туралы заңды қалпына келтіруге енетін жобалардың кешені.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
PlayStation-ның жаңа нұсқасы таныстырылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы