Кеше 2026, 22:02
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Референдум: Қазақстандықтардың 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Дауыс беруге 9 127 192 азамат қатысып, бұл жалпы сайлаушылардың 73,12%-ын құрады.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адамды құрады.
Дауыс беруге 9 127 192 азамат қатысып, бұл жалпы сайлаушылардың 73,12%-ын құрады.
Референдумға шығарылған мәселені 7 954 667 адам қолдап дауыс берген. Бұл дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,15%-ына тең.