Референдум өтті деп есептеледі - ОРК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Анастасия Щегорцова «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонда айтты.

Референдумға дауыс беруг енгізілген азаматтардың үлесі 53,43%. Заңға сәйкес референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып саналады. Осылайша, Орталық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен берілген көрсеткішке қол жеткізіліп отыр, - деді ол. 

Щегорцова атағандай, ОРК-ның келесі ақпараты 16:00-де беріледі. 

Айта кетейік, Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум болып жатыр. Дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. 

Жалпы алғанда, референдумда заңның 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен то­лық­тырулар жобасын белгілі заң­­гер-құқықтанушылар және конс­­титуциялық құқық саласы­ның ма­мандары әзірледі. Оған Конс­ти­туциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді.

Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған:

Суперпрезиденттік бас­қару үлгісі­нен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу;

Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;

Парламенттің рөлін күшей­тіп, мәртебесін арттыру;

Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;

Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы