Референдум өткізуге 16 млрд-тан астам теңге бөлінді – Қаржы министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық референдум өткізуге қанша қаржы бөлінеді?
Бұл сауалға Үкімет куларында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.
Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есептер ұсынылды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді, - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.
Сондай-ақ Қаржы министрі осы жылдың бірінші тоқсанында министрліктер 15 млрд теңге бюджет қаражатын игере алмағанын айтты.
Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы iстер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасып . Игерілмеудің негізгі себептері - шарттарды ұзақ жасасу, төлем негізділігін растайтын құжаттардың жоқтығы немесе ұсынылмауы, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуі, есепті айда қаражат жұмсау қажеттілігінің болмауы, - деді Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев.