Референдум нәтижесі: АЭС салуды 71,12% адам қолдады

Орталық референдум комиссиясының төрағасы 6 қазанда өткен Қазақстанда АЭС салуға қатысты республикалық референдумның түпкілікті нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487 адам болды. 7 млн 820 мың 204 адам немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 63,6 проценті дауыс беруге қатысты, - деді Нұрлан Әбдіров.

Республикалық референдум туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес референдум өткізілді деп саналады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 проценті немесе 5 миллион 561 мың 937 адам Қазақстанда АЭС салуды қолдады. Қазақстанда АЭС салуға қарсы дауыс бергендер саны 2 миллион 45 мың 271 адам болды, – деді Әбдіров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы