Референдум күні туылған сәбилер саны бойынша қай өңір көш бастады
Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келіп, республикада көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келді. Оның ішінде 70 ер бала, 62 қыз бала және бір егіз бар. Осылайша республика бойынша жоғары көрсеткішке ие болды, - делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз хабарламасында.
Жалпы өңірде биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан. Олардың 345-і егіз, 7-еуі үшем.
Айта кетейік, Астанада референдум күні 39 сәби, ал Алматы облысында 71 сәби дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Өзгелердің жаңалығы