3 Қыркүйек 2024 2024, 12:08 Фото: -архив

Референдум комиссиясы АЭС бойынша сайлаудың қалай өтетінін айтты

Астанада Орталық референдум комиссиясы АЭС бойынша жиын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Орталық референдум комиссиясы АЭС бойынша жиын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Референдум 6 қазанда сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өткізілмек. Кейбір аймақтарда әртүрлі уақыт белгіленуі мүмкін, бірақ тек ерекше жағдайда ғана. Дауыс беру нәтижелері 7 күн ішінде шығады. 

Жалпы саны 10 327 пункт бар, оның 72-сі Қазақстаннан тыс жерде.

Комиссия өкілдерінің мәлімдеуінше, 2 қыркүйекте жарлық шыққаннан кейін 4 қазанға дейін үгіт жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда 12 176 968 адам дауыс беру құқығына ие.